USD
USD
USD

«Аюсай» шатқалындағы сырғанау қауыпсіздігіне келушілердің өздері жауапты болады

Себебі, "Аюсайдағы" оператор компания қауыпсіз ақылы сырғанау трассалары жобасынан бас тартуға мәжбүр болды.

«Аюсай» шатқалындағы сырғанау қауыпсіздігіне келушілердің өздері жауапты болады
Фото: NEGE.kz

Жақын күндері Аюсайдағы туристік визит-орталық келушілер үшін өз есігін айқара ашпақ. Сонымен бірге, визит-орталық жұмысын ұйымдастырып отырған «Туранга Групп» компаниясы орталық етегінде орналасқан, бұған дейін қала тұрғындары өздері сырғанап жүрген жабайы сырғанақтарды қауыпсіз қылуға күш салған болатын.

Ол үшін, «Аюсайдағы қыс» жобасы жарияланып, сырғанақтарды жабдықтауға «Адвантик Групп» компаниясы тартылған. Алайда, соңғы сәтте ұйымдастырушылар жобадан бас тартуға мәжбүр болып, сырғанақтар бастапқы күйінде қалатын болды. Сырғанақтарда тек сабан белдеуі жатады.

«Туранга Групп» қала тұрғындарын сырғанау кезінде барынша абай болуын сұрайды. Бірақ компания өкілдері шаңғы тебудің қалай жүріп жатқанын бақылап, демалушылардың пікірін біліп отырады. Әлеуметтік сұрау жүргізіліп, қала тұрғындарының қауыпсіздігі сақталған ақылы сырғанақ немесе жабайы қауыпті сырғанақтың қайсысын дұрыс деп табатындығы анықталмақ.

Естеріңізде болса, кеше Іле Алатауының бөктеріндегі «Аюсай» шатқалында салынып жатқан визит-орталықта ақпарат беру залы мен бағыт көрсетіп жіберетін кластардың техникалық ашылуы өтті. Визит-орталықтың модулы экологиялық материалдан, яғни отандық өндірістің ағаш конструкциясынан құрастырылды. Оның іргетасы бетон емес, метал құрастырмасынан тұратын геошегемен жасалған. Бұл жобаны Сингапурдың белгілі архитекторы дайындап шықты.

Визит-орталық жұмысы негізінде экотуризмді дамыту идеясы туып, бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Зоология институтымен меморандумға қол қойылса, алда бұл қатарға "Тұран" университеті қосылады екен. Жыл басынан бері "Аюсай" шатқалына экологтар, зоолог-ғалымдар, биологтар зерттеу жүргізген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

авиаотын

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Aitu

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Дружба