USD
USD
USD

«Ауруханаға жатып қалдым» – Тұрсынбек Қабатовтың алдағы концерттері 2025 жылға шегерілді

Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп қалғанын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Тұрсынбек қабатов
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

Алматы, NEGE. Мәлімдемесінде 45 жылдығына орай жоспарланған концерттер 2025 жылға шегерілгені айтылған. 

Тұрсынбек қабатов
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

«Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын.
Өздеріңізді көруге асықпын», - деп жазды Қабатов. 

Ол өзінің не себепті ауруханада жатқанын ашып айтпады. Десе де, бұған дейін әзілкештің басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға түскенін алғашқылардың бірі болып жазғанбыз. 

Оқырмандарымыздың бізге жіберген мәліметінше, басынан ауыр жарақат алған әзілкешке Алматы қаласындағы №7 клиникалық ауруханада шұғыл ота жасалған.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы