USD
USD
USD

«Психдиспансерде соққыға жыққан» – Лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы полицияға шағымданды

Бірнеше апта бұрын Астанада лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған 14 жастағы жасөспірім психоневрологиялық диспансерге жатқызылған болатын.

Астана
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.

Бұл туралы Астанадағы ерекше балалардың ата-аналары одағының төрайымы Гүлсан Мауина мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасөспірім балалар бөліміне жатқызылуы керек болатын. Алайда, ересектер бөліміне орналастырылған. Бөлмелерде бейнебақылау камералары болмағандықтан ұрып-соғу фактісін дәлелдеу мүмкін емес дейді одақ төрайымы.

Естеріңізге сала кетейік, Елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифт ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан жасөспірім пышақ жарақатын салған.

Аталмыш дерекке қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады. Оған шизофрения және атипиялық аутизм диагнозы қойылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Ербол Айтуов

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады

Қаржыгер

«Дөңгелек ұшып кетердей»: қарағандылықтар жолдағы терең шұңқырларға шағымдануда

Шұңқыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

.