USD
USD
USD

Ауру жұқтырған қытай азаматы Францияға өтіп кеткен

Ухань қаласының коронавирус жұқтырған тұрғыны Францияға өтіп кетіпті. Ол әуежайдағы тексерулерді алдап өте алған. Бұл туралы Франциядағы Қытай елшілігі хабарлаған.

Ауру жұқтырған қытай азаматы Францияға өтіп кеткен
Фото: NEGE.kz

  

Алматы, NEGE. Ұлты қытай әйел ұшаққа отырғанда қызуы көтеріліп, жөтеле бастаған. Ол бірден көп мөлшерде қызу түсіретін дәріні ішіп алған. Дәрінің арқасында ол Париж әуежайындағы медициналық тексеру бекеттерінен кедергісіз өте алған. Өзінің қулығы туралы қытай азаматы WeChat-та мақтанып айтыпты. Францияға келген науқас әйел достарымен кездесіп, Париждегі  мейрамханалардың бірінде ас ішіп үлгерген. Әлеуметтік желідегі хабарламадан соң Қытай елшілігіне наразы еуропалықтардан жүздеген телефон қоңырауы мен хабарламалар түсіпті. Елшілік әйелден шұғыл түрде дәрігерге қаралуды талап еткен, бірақ оның бұл талапты қаншалықты орындағаны туралы дерек жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды