USD
USD
USD

Аурауханаларда төсек-орын тапшылығы басталды

Медицина ғылымдарының магистрі, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындыкова елдегі инфекциялық төсектердің жүктелімі туралы мәлімет берді.

Аурауханаларда төсек-орын тапшылығы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «4 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 52 803 инфекциялық төсек орны ашылды. Республика бойынша төсектердің жүктелімі 56%-ға жеткен. Шілде айымен салыстырғанда, тамызда қосылған медициналық ұйымдардың саны 326-дан 339-ға дейін, төсек саны 10 мыңға артты. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек саны – 4 795, жүктелім – 46%. Инфекциялық төсектердің ең жүктелімі Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қызылорда және Қостанай облыстарында, реанимациялық төсектердің жүктелімі Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалады», - деді Айма Сағындықова орталық коммуникаиялар қызметінде.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда коронавирустан емдеу үшін қосымша 12 мың инфекциялық төсек және жоспарлы медициналық көмекті тоқтатпай 550 реанимациялық төсек орналастыру мүмкіндігі бар.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев