USD
USD
USD

А.Үмбетов пен «белгісіз адамдарға» қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғындары – ағайынды Әлібаевтар Nege.kz порталына шағым айтып келіп, бұл туралы бірнеше мақала жариялағанбыз. Осы іске қатысты ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Е.Байтұрсыновтың адвокат Т.Кішкенебаевқа берген жауабы қолымызға тиді.

А.Үмбетов пен «белгісіз адамдарға» қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

«ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы облысы Полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты Сіздің өтініштеріңізді қарады.

М.Т.Әлібаевтың полиция қызметкерлері оған азаптауларды қолданғаны туралы дәлелдерін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеруде.

М.Т.Әлібаевтың және С.Ж.Әлібаевтың азамат А.Үмбетов пен белгісіз адамдардың оларға зорлық-зомдылық қолдануы бөлігінде өтініштерін тексеруді Алматы облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жүзеге асырады.

Тергеу нәтижелері туралы қылмыстық процесс қатысушыларына қылмыстық қудалау органы хабарлайтын болады».

Nege.kz порталы бұған дейін Алматы облысының Полиция департаменті бастығының, Алматы облысы прокурорының атына ресми сауал жолдаған. Алайда құзырлы органдардан жауап болған жоқ. Сол себепті ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовтің де атына сауал жолданған.

Үмбетовтерге қатысты істі індете тергеу Алматы облысы полицейлерінің қолынан келмей қала ма деген күдігіміз бар. Өйткені осы іске тікелей қатысы бар Аян Үмбетов – Алматы облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы депутат Серік Үмбетовтің туысы...      

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды