USD
USD
USD

«Аумаққа заңсыз кірген»: Бестөбе шахтасында ер адам мерт болды

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы алтын өндіретін шахта аумағынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам «Новая» шахтасы аумағына заңсыз кірген. Полицейлер қаза тапқан азамат Степногорск қаласының 1991 жылғы тұрғыны екенін анықтады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкелген күзетілетін объектіге заңсыз кіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған