USD
USD
USD

Аяқ киім ұрлаған ер адамның әрекеті бейнекамераға түсіп қалды

Қарағандыда ер адам ауладан екі спорттық аяқ киімді ұрлап кеткен

Аяқ киім ұрлаған ер адамның әрекеті бейнекамераға түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 13 тамыз күні Саран қалалық Полиция бөліміне 34 жастағы әйел хабарласып, белгісіз біреудің үйінің ауласынан жіпке жайып қойған қос спорттық аяқ киімі ұрлап әкеткендігі туралы хабарлаған. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құраған. Сонымен қатар жәбірленуші полиция қызметкерлеріне үйінің ауласында орналасқан бейнекамераның жазбаларын көрсетіп, күдіктінің аулаға кіріп аяқ киімдерді алып, оқиға орынынан ізін суытқанын анықтады. Белгілі болғандай жәбірленуші азаматша Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ІТ –технологиясымен айналысады. Сондықтанда оған өзінің үйімен ауласын бейнекамерамен жабдықтау қиындықтық тумаған. Азаматшаның өз мүлкіне жауапкершілігімен ұқыптылығы күдіктіні ұстауға көп септігін тигізді. Бейнетаспадағы жазбалардан полиция қызметкерлері бұрын осыған ұқсас әрекеттері үшін бірнеше рет полицияның назарына ілініп, есепте тұрған 32 жастағы азамат екені белгілі болды. 1 қыркүйек күні жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап қолға түсірді. Күдікті өзінің жымысқы әрекетін жасау барысында бейнетаспаға түсіп қаламын деп ойламағанын жеткізді. Полиция қызметкерлері одан айғақ заттың бірін тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі