Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аяғы ауыр әйелдерді АҚШ-қа кіргізбеуі мүмкін

Қаңтардың 24-нен бастап АҚШ екіқабат әйелдерге виза беру тәртібін қатаңдатады. АҚШ билігі мұндай әйелдер Құрама Штаттарға баласы америкалық төлқұжатқа ие болу мақсатында ғана босануға келеді деп санайды. Бұл туралы AP агенттігі хабарлады.

Аяғы ауыр әйелдерді АҚШ-қа кіргізбеуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұдан былай жүкті әйелдер АҚШ-қа емделуге келетін шетелдіктер секілді қарастырылатын болады. Олар бірінші кезекте тек емделу үшін келгенін және оған ақшасы жеткілікті екенін дәлелдеуге міндетті болады.

Трамп әкімшілігі көші-қон саясатын мейлінше қатаңдатуға талпынуда, әсіресе АҚШ-та дүниеге келгендерге бірден осы елдің азаматтығын беретін конституциялық бапты пайдаланғысы келетіндердің тым көптігіне алаңдайды.

Әзірге қанша әйелдің АҚШ-қа тек тууға келетіні туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен көші-қон зерттеулері Орталығының есебінше, 2012 жылы АҚШ-қа 36 мың әйел тек тууға келіп, босанған соң қайтып кеткен.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА