USD
USD
USD

Ауыр жаза: бетперде тақпасаң, он кітап оқисың

Түркияда бетперде кимегендер айыппұл төлеп қана қоймай, 3 күн карантинде жатып, 10 кітап оқуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыр жаза: бетперде тақпасаң, он кітап оқисың
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Елдің Сакария провинциясында осындай шараны қолданысқа енгізді. Бұл туралы шаһар губернаторы Четин Октай Калдырым өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Оның мәлімдеуінше, қазірдің өзінде 65 тұрғын осындай жаза өтеп жатыр.

Бірнеше аптадан бері, күніне қатерлі індетке шалдыққандар саны мың жарымнан асады. Қазірге дейін 288 мыңнан астам вирус жұқтырған. Оның 256 мың 524-і жазылып шықты. Ал, соңғы тәулікте 1671 адам дертке ұшырап, 56-сы көз жұмды. Жансақтау бөлімшесіндегі науқастардың саны күннен күнге артып барады. 1223-інің халі нашар. Сондай-ақ елде 14 күндік карантиндік тәртіпті бұзған науқастарға жаза күшейді. Бұдан былай жауапкершілігі жоқ азаматтар арнайы жатақханаларда оқшауланады. Ал, Мардин провинциясында коронавирус жұқтырған науқастар мен олармен байланыста болғандарға арнайы білезік тағылады. Оны шешкендерге әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалмақ. Мақсат – науқастың көшеге шықпауын қадағалау.
 

Қазір оқып жатыр

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев