USD
USD
USD

Ауыр атлеттерге арналған орталық өртенді

Шымкентте ауыр атлеттерге арналған орталық өртенді. 

Ауыр атлеттерге арналған орталық өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құраған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін таңғы сағат 07:54-те «101» желісіне Еңбекші ауданындағы Ерімбетов көшесі №28 мекенжайда орналасқан жаттығу залында өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен.

Алғашқы өрт сөндіру бригадасы келгенде үшінші қабаттың төбе жаппасы жанып жатқан. Учаскелерді сумен жабдықтау 15 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарынан жүзеге асырылды.

Өрт сағат 08: 45-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 26 қызметкері мен 6 техникасы, Полиция департаментінің 3 қызметкері мен 5 техникасы, электр желісінің авариялық қызметі жұмылдырылды.

Қазір Шымкент қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ зерттеу өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің себептері мен өрттен келтірілген залал анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек