USD
USD
USD

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ басталды

Грекияда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыс кестесі белгілі болды.

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтеді. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды. Ел құрамасынан жарыс жолына алғашқы болып Екатерина Алякина (55 келі) 3 мамыр күні шығады.

Ол А тобында сынға түседі. Одан кейін 5 мамырда 73 келі салмақта F тобында ел құрамасынан Петр Хребтов мен Алексей Чуркин жүлделерді сарапқа салады. Ал 6 мамырда 81 келіде А тобында Денис Полубояринов пен Егор Шерер жарыс жолына шығады.

А тобында 7 мамырда Клим Басаргин (89 келі), 8 мамырда Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі. Ел құрамасынан әлем чемпионатын Айсамал Сансызбаева (87 келіден жоғары) 10 мамырда А тобында түйіндейді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте көш бастаған еді.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер