USD
USD
USD

Ауыр атлетикадан төрт дүркін ел чемпионы Владимир Седов өзіне қол жұмсады

35 жастағы спортшының мәйіті Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Достық ауылында табылған.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін ел чемпионы Владимир Седов өзіне қол жұмсады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облысы Полиция департаменті ақпараты бойынша, 26 маусымда сағат 22.05 шамасында Үштөбе қаласы Достық ауылы Исаев көшесі, 37-үй мекенжайында үйдің шатырында Седов Владимир Владимирович асылып, суицид жасағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Қайғылы жайтты Қазақстан ауыр атлетика федерациясы растады.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиаданың қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы Владимир Седов бала кезінен спорт көңіл бөлетін. Жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Владимир Седов 35 жаста еді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК жүк көліктерін шекарадан «тез өткізген» топты әшкереледі

.

Алматыда баспана нарығы мемлекеттік бағдарламаларға тәуелді болып қалды – сарапшы

.

Түркістан облысында мектеп қызметкерлерінің жөндеу жұмысына тартылғаны дау тудырды

.

Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор жүргізушіге қандай жаза сұрады?

апат