USD
USD
USD

Ауыр атлетика бас бапкерлері әлем чемпионатынан соң анықталады

Ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер және ерлер командасының бас бапкерлері Ташкенттегі әлем чемпионатынан соң анықталады.

Ауыр атлетика бас бапкерлері әлем чемпионатынан соң анықталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралинов мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, бүгінде ерлер және әйелдер командаларына жекелеген бас бапкер тағайындау туралы шешім қабылданды. Бұған дейін командалар бір бапкердің қоластында жаттығатын. 

"Құраманы ерлер және әйелдер командасы ретінде екіге бөлу өте пайдалы әрі ыңғайлы болады деп есептейміз. Өйткені, екі команданың дайындық стилінде ерекшеліктер бар. Сондай-ақ, команданы осылай екіге бөлу арқылы штаттағы бапкерлер мен спортшыларға бөлінетін орын санын көбейтеміз", - деді бас затшы Алдияр Нұралинов. 

Айта кетелік, Ташкенттегі әлем біріншілігі бүгін басталды. Әлемдік дода 17 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе