Ауыр атлетика: Алексей Чуркин әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық ауыр атлет өз салмақ дәрежесінде екінші сатыға тұрақтады.
Алматы, NEGE. Жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсеке Грекияда өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 73 келіге дейінгілер арасындағы сындар болды. Ел намысын қорғаған Алексей Чуркин жұлқа көтеруде 146, ал, серпе көтеруде 183 келіні басынан асырды. Яғни қоссайыс қорытындысы бойынша 329 келіні бағындырды. Бұл жарыс жеңімпазының көрсеткішінен 12 келіге аз.
Сәйкесінше, алтын жүлде Индонезия, ал, күміс Қазақстан спортшысына бұйырды. Үздікті үштікті АҚШ өкілі түйіндеді. Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Петр Хребтов бас-аяғы 307 келіні көтеріп, жалпы есепте 5-орынға жайғасты. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 мамырға дейін жалғасады және осы аралықта тағы 6 спортшымыз бағын сыйнайды.
Қазір оқып жатыр
Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады
Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етуі тиіс – Президент
ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ
Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек