USD
USD
USD

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас зілтемірші Ерасыл Сәулебеков осы күндері Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 67 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл салмақта әлем чемпионы атағын тоғыз спортшы сарапқа салды. Бірінші жаттығуда жұлқа көтеруде Ерасыл Сәулебеков бір шешуші әрекетімен (123 келі) күшімен, жеңіске деген жігерімен қарсыластарын тәнті етті.

Серпе көтеруде де қазақстандық зілтемірші 158 келіні көтеріп, бірінші орын алды.

Нәтижесінде Ерасыл Сәулебеков 281 келі салмақпен жастар арасында әлем чемпионы атанса, Алааддин Саин (Түркия) күміс жүлдеге (278 келі), Поле Бартош Бурски (269 келі) қола медальға қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов