USD
USD
USD

Ауыр атлет Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

  Грекияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті.

Ауыр атлет Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың соңғы күні қазақстандық Айсамал Сансызбаева 87 келіден астам салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 252 кг (серпе көтеруден – 112 кг, жұлқа көтеруден – 140 кг) нәтиже көрсетті. Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Парк 281 кг (120+161) көрсеткішпен үздік шықты. Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытындысында 253 кг (108+145) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. Еске сала кетейік, осы біріншілік барысында бұдан бұрын Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз. Алексей 73 келіге дейінгі салмақта 329 (146+183) келіні ырқына көндірді. Барлық алты мүмкіндігінің бесеуін сәтті орындады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар

Жыл басынан бері 8,8 мың адам құтқарылған: ТЖМ жұмысының нәтижелері жарияланды

Тжм

Алматыда жеті жүзге жуық студентке шәкіртақы дер кезінде төленбеген: жалпы қарыз 50 млн теңгеге жеткен

Ақша