USD
USD
USD

Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жыл сайын жазда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін еске салады. Шектеулер 1 маусымнан 31 тамызға және 1 маусымнан 15 тамызға дейінгі аралықта өз күшін сақтайды. Бұл арада өңірлерге байланысты айырма бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

колик
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы, NEGE. Мәселен, жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

Сондай-ақ жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Мұндай шектеулерді енгізудің басты себебі – жоғары температура кезінде деформацияға бейім болып келетін асфальт жабынының бұзылмауын алдын алу. Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал кезінде ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді, - деп жазды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Осы ережелерді сақтау арқылы жолдардың ұзақ қызмет етуіне және олардың жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп, сайып келгенде жол қозғалысының барлық қатысушыларына тиімді болмақ.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.