USD
USD
USD

Ауылшаруашылық өнімдерін әкелуге тыйым салынды

Алматы, NEGE. 

Ауылшаруашылық өнімдерін әкелуге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

«Ветеринарлық және карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде 25 қаңтар 2 ақпан аралығында Челябі-Қостанай тас жолының 145-ші шақырымында, «Троицк» және «Бугристое» бақылау-өткізу пунктіндегі Ресей-Қазақстан шекарасы учаскесінде, Челябі облысындағы Россельхознадзор бақылау бөлімінің қызметкерлері қауіпті мал шаруашылығы өнімдерін және фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін әкелген кезде бірқатар тәртіп бұзушылықты анықтады», - делінген хабарламада.

Сонымен, Ресей тарапының мәліметі бойынша, 24,2 тонна қазақстандық және Өзбекстаннан шыққан өнімдер (анар, жүзім, лимон, мандарин, құрма, пекин салаты, даимон) жарамсыз фитосанитариялық сертификаттар бойынша Қазақстаннан Ресей аймақтарына жеткізілмек болған. Фитосанитарлық сертификат барлық тауарларға берілмеген, көлік құралдарының нөмірлерінде және атауларында түзетулер болған.

«Ресей Федерациясы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сүйене отырып, Россельхознадзор әкімшілігі тасымалданатын тауарларға қатысты құжаттарды ресімдеу үшін қайтару туралы шешім қабылдады. Тасымалдаушыларға тауарларды қайтару туралы нұсқаулар берілді. Кінәлілер Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 10.2 және 10.8-баптарына сәйкес талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.