10 Қазан 12:47
...

Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 млн теңгеге дейін көмек беріледі

Фото:

Министрлік ауылды жерлерде дәрігер жетіспеген соң осындай шешім тиімді екенін айтады.

Алматы, NEGE. Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 млн теңгеге дейін көмек беріледі. Ауылға баратын дәрігерлерді әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп жатыр. Біріншіден, медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер, яғни Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында үш-бес миллионға дейін жәрдемақы бөледі», - деді А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Үкімет сағатында.

Осы орайда ол әлі де ауылға баратын дәрігерлерді әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту керек екенін айтты.

«Жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы, гранттар бөлінеді. түлектерді бөлу жүзеге асырылады. Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер жұмыс істейді», - деді министр.

Тегтер: