USD
USD
USD

Ауылға қонаққа келген астаналық ер адам тамақ ішіп отырып, қайтыс болды

Ақмола облысында ер адам тамақтану кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ауылға қонаққа келген астаналық ер адам тамақ ішіп отырып, қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сандықтау ауданлық полиция бөлімінің тергеушілері 55 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болу жағдайларын анықтап жатыр.

2023  жылдың 22 наурызында Сандықтау аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Астана қаласы тұрғынының қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы хабарламасы келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеу кезінде тұншығып қалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған.

Ер адам елді мекенде қонақта болғаны белгілі болды. Астаналықтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық зерттеу барысында анықталатын болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе