USD
USD
USD

Ауылдағы интернеттің сапасын арттыру керек – Вице-президент

Бүгін Men mediakz алаңында офлайн және онлайн форматта "Телекоммуникациялық нарықты монополиясыздандыру және деолигополизациялау" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Ауылдағы интернеттің сапасын арттыру керек – Вице-президент
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  Баспасөз конференциясына "Ұлттық коммуникация және цифрландыру қауымдастығының» өкілдері қатысып, саладағы кемшіліктерді айтты.

Ұлттық  коммуникация және цифрландыру қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаевтың айтуынша, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын орындау өте маңызды. Мемлекет басшысы өз жолдауында интернетті қолжетімді ету керек екенін баса айтқан болатын.

«Әсіресе ауылда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет. Өйткені ол жерде сапалы және жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуде қиындықтарға тап болып отыр, ал кей жерлерде оны пайдалануға мүлдем мүмкін емес» – деді ол.

Ал "Азия Шин"  халықаралық кабельдік операторлар қауымдастығының төрағасы Антон бірқатар компанияларда радиожиілік спектрін бөлудің қолданыстағы схемасына, оның ішінде шағын радиожиіліктерді бөлуге қатысты мәселелер бар екенін айтты. Спикер қазіргі уақытта коммуналдық-тұрмыстық секторға және кабельдік кәрізге қолжетімділікке шектеулерді алып тастау бойынша мәселелер қанағаттанарлық деңгейде шешіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Integrity ASTANA" коммерциялық емес ұйымының басшысы Жанат Нұрғалиев жақында қабылданған "цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыру туралы айтып берді.

Жанат Серікұлы оң нәтижелер туралы айта келе, біздің халыққа мемлекеттік органдардың есептерінде және рейтингтерде бұл әдемі сандар қажет емес екенін атап өтті. Оларға қажетті сапалы инфрақұрылымға қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасауда нақты көмек қажет.

Баспасөз конференциясына қатысушылар оның қорытындысы бойынша бәсекеге қабілеттілікті арттыру және телекоммуникация саласын одан әрі тиімді дамыту бойынша нақты ұсыныстарын Мемлекет басшысының атына үндеу жіберуге келісті.

 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай