Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ауылдарға көшіп барған дәрігерлерге 3 млн теңге төленеді

Елімізде ауылға жұмыс істеуге барған медицина қызметкерлері үшін жәрдемақыларды ұлғайту және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Ауылдарға көшіп барған дәрігерлерге 3 млн теңге төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің мәліметінше, ауылдарда 14 804 дәрігер жұмыс істейді. Тағы 3 104 маманға (салынып жатқан объектілерді ескере отырып) қажеттілік бар.

"Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өңірлермен бірлесіп шаралар қарастырдық. Мысалы, көтерме жәрдемақыларды 100-ден 1000 АЕК-ке дейін арттыру", - деді Цой.

Осылайша, көтерме жәрдемақы мөлшері 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін ұлғаяды (2021 жылғы АЕК мөлшеріне қарай).

Бұдан басқа, ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлерін міндетті түрде тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың жалақысын кезең-кезеңімен 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Министрлікте осы шаралардың нәтижесінде ауылдар 2023 жылға қарай 100% жалпы практика дәрігерлерімен және мамандармен қамтамасыз етіледі деп үміттенеді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық