USD
USD
USD

«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы әзірленіп жатыр

Пилоттық жобаны Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатыр. 

«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы әзірленіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пилоттық жоба екі міндетті қамтиды:

1-міндет – медициналық пункт, ФАП, дәрігерлік амбулатория сияқты жетіспейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
2-міндет – қазіргі заманғы көп бейінді орталық ауданаралық ауруханаларды ұйымдастыру арқылы ауыл халқына уақтылы шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметін арттыру.

Бірінші міндетке келер болсақ, 655 нысанды салудың арқасында шамамен 1 миллиондай ауыл тұрғынын бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен қосымша қамту, ауыл халқына медициналық көмекті жақындату, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасына қанағаттану көрсеткішін арттыру, МСАК қолжетімділігін арттыру (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау), уақтылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың алдын алу сияқты жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі күтілуде.

Ал екінші міндет бойынша, яғни қазіргі заманғы көп бейінді ауруханаларды ұйымдастырудың арқасында "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, ауыл халқына инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді (инфаркт, инсульт және т. б.) 20%  төмендету, ірі қалаларға әуре етпестен  халыққа мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, 4 млн астам ауыл тұрғынын жоғары технологиялық көмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылады. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті