USD
USD
USD

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

23 маусымда «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Жиында Серік Егізбаев партияның төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

.
Фото: Ауыл партиясы

Астана, NEGE. Серік Егізбаевтың айтуынша, қазіргі саяси кезең партиялардан жаңа қадам мен тың тәсілдерді талап етеді.

«”Ауыл” партиясы бұл үдерістерден шет қала алмайды. Керісінше, партия олардың белсенді қатысушысы болуы керек. Ол үшін аграрлық және әлеуметтік күн тәртібіне жаңа көзқарас әкеліп, жаңартылған саяси жүйеде тиімді жұмыс істеу қажет», – деді ол.

Сонымен қатар Егізбаев партия қатарында қалып, жаңа төрағаға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өз орнына ол партия төрағасының орынбасары Қайрат Айтұғановтың кандидатурасын ұсынды.

Қайрат Айтұғанов – аграрлық экономика, мемлекеттік қызмет және ғылым саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Әр жылдары ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ ол «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» директорлар кеңесінің төрағасы және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы болған.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстандағы партиялық жүйеде бірқатар өзгеріс болды. Бұған дейін «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев өз еркімен қызметінен кетіп, оның орнына Дания Еспаева сайланған еді. Сондай-ақ AMANAT партиясы «Әділет» партиясына қосылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy