USD
USD
USD

Ауыл тұрғыны үйінен заңсыз дәріхана ашып алған

Алматы облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз дәріхана қызметін ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауыл тұрғыны үйінен заңсыз дәріхана ашып алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілде күні жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз дәріхананың қызметін әшкерелеген.

Анықталғандай, ауыл тұрғыны үйінен дәріхана ашып алған. Ал оның сөресінен дәрі-дәрмектің кез келген түрін табуға болады.

«Заңсыз дәріхана қызметін 63 жастағы әйел ұйымдастырған. Бұл қызметпен айналысуға оның лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған. Яғни медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындарына ұсынып отырған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында қайта сату үшін қораптармен сатып алынған 60-қа жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркіледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», - деді департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі