USD
USD
USD

Ауыл тұрғындарын скринингтен өткізу тізбесі кеңейтілді

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ауыл тұрғындарын скринингтен өткізу  тізбесі кеңейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының пандемиясы жылдарында шектеу іс-шараларына орай ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек деңгейі төмендеді. Бұл тұрғыда ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық тексерулер енгізіліп жатыр.

Профилактикалық тексерулер жүрек және қантамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған.

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын, 18-70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы адамдарда несеп бөлу жүйесі дертін, 50-ден асқан адамдардың тыныс алу органдары ауруларын және қуықасты безінің обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді.

Мұнымен қоса, 18 жасқа дейінгі балалар үшін, яғни 1 жас, 3 жас, 6 жас және 14 жастағы жеткіншектерді зертханалық зерттеудің қосымша жалпы клиникалық әдістері енгізілді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев