USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция тартылуда

Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар легі 3 есеге ұлғайды. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция тартылуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру арқасында елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың оң серпіні байқалуда. Мәселен 5 жыл ішінде жалпы өнім көлемі 2 есеге артты (7,4 трлн. теңге), ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар легі 3 есеге (773,2 млрд теңге) ұлғайды», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, саланы одан әрі орнықты дамыту мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Олардың негізгі мақсаты - қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруды, жер қатынастарын дамыту мен саланы цифрландыруды, аграрлық ғылым мен білімді жетілдіруді, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін шаралар кешенін қабылдау арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ АӨК өнімдерінің экспортын дамыту және импортты алмастыру бойынша кемінде 582 инвестициялық жобаны іске асыру.

«Бұдан басқа, АӨК субсидиялау жүйесін қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұтастай алғанда, субсидиялау жүйесі, ең алдымен, субсидиялау рәсімдерін қысқарту, оның бағыттарын оңтайландыру, барлық субъектілер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, қазіргі заманғы технологияларды енгізуді ынталандыру және АӨК-ге инвестициялар тарту, нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша фермерлердің қарсы міндеттемелер алу нормасын енгізу есебінен реформаланатын болады», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси