USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығындағы «роялтидің» әлеуеті қандай?

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков ауыл шаруашылығындағы «роялти» әлеуеті жайында айтып берді.

Ауыл шаруашылығындағы «роялтидің» әлеуеті қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2019 жылы ауыл шаруашылығындағы «роялтидің» әлеуетін шамамен есептеп көрдік. Тек өсімдік шаруашылығында оның көлемі жылына 10 млрд теңге сомасында. Соның 3 млрд теңгесін тікелей ғалымдарға төлеуге болады», – деді Т. Рахымбеков АӨК саласында ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру тақырыбындағы онлайн-конференцияда.

Оның айтуынша, 2020 жылы ғылымды қаржыландыру 7,5 млрд теңгеге жетті.

«Оның ішінде үштен бірін еңбекақы қоры құрап тұр, яғни 2,5 млрд теңгесі. Егер де миллиард теңгесін әкімшілік персоналға – директорлар, бухгалтерлер, кардлар, заңгерлер, жүргізушілерге және басқаларына бағытталса, онда ғалымдарға 1,5 млрд теңге тиесілі болады. Осының үстіне оларда тағы да 3 млрд теңгені «роялти» есебінен алу мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда шынайы еңбек етіп жүрген ғалымдар алар еді», - деді Т. Рахымбеков.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер