USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын екі есе ұлғайту жоспарланған

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды.

Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын екі есе ұлғайту жоспарланған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АӨК дамытудың жаңа тәсілдері туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені саласында іс жүзінде барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң өсу серпіні байқалады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6% артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Бұл ретте, тамақ өнімдері өндірісі 4% өсті.  Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

– ішкі нарықты 80%-тен астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молықтыру;

– 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;

– еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру;

– өңделген өнім экспортын 2 есеге ұлғайту.  

Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі міндетті шешу үшін министрлік импортын қысқарту қажет позицияларды айқындады. Бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық. Бүгінгі күні алдағы үш жылға арналған бағыттардың әрқайсысы бойынша инвестициялық жобалардың нақты пулы айқындалды.  Ауыл шаруашылығы министрі мәлім еткендей, қазір өзімізде өндірілетін құс етінің көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 58%-ін ғана жабады. Толықтай молықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Өткен жылдың өзінде қуаты 94 мың тонна болатын 8 құс фабрикасы іске қосылды. 

«Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобаларды үш жыл ішінде іске қосу құс еті бойынша қажеттілікті толық көлемде өтеуге мүмкіндік береді», - деді С.Омаров.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.