USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Руслан Ерғалиұлы Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған. 2018-2020 жылдары - "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі болған.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді