USD
USD
USD

«Ауыл» праймериз өткізе ме?

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы праймериз өткізе ме? Бұл сауалға бүгін партияның орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов жауап берді.

«Ауыл» праймериз өткізе ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Демократиялық қоғамда әр партияның ішкі іріктеу жүйесінің әрқилы болуы заңдылық. Бұл сауалға нақты жауап қажет болса, онда – «Ауыл» партиясының жоспарында праймериз өткізу жоқ. Бірақ, өңірлерде 17 филиалымыз, 200-ден астам аудандық партия ұйымымыз, 500-ден астам бастауыш партия ұйымымыз бар. Осы уақыт аралығында белсенділеріміз іріктеліп, анықталып жатыр. Яғни, біздің партияның ұстанған стратегиясы сәл басқалау. Демек, біз басқа партияларды қайталауға міндетті емеспіз. Ол жағынан келгенде еріктіміз», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол «Ауыл» партиясының белсенділерді іріктеу жүйесі өзгеше екендігін баса айтты.

«Қазір өңірлердегі партия мүшелерінің арасынан белсенділік танытып жүргендер ескерілетін болады», – деді Қуаныш Сейітжанов.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті