«Ауыл» партиясының мүшелері марапатталды
«Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруіміз қажет. Қоғам ішінде жұмысшы мамандықтара оң көзқарас қалыптастырып, ауыл еңбеккерлерінің дәрежесін асқақтатуымыз керек. Елде еңбек адамы танымал болып, оған өзіндік орын белгіленуі тиіс деп есептейміз. Еңбекқор жандарды жоғары жалақымен, наградалармен және көптеген жеңілдік беру арқылы ынталандыруға міндеттіміз. Біз «Ауыл» партиясы ретінде еңбек адамының даңқын асқақтату бойынша әртүрлі бастамаларға арқау болуымыз керек, - деді партия басшысы.
Сонымен форум барысында Егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында партияның 40 мүшесіне наградалар табысталды. Атап айтқанда, «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ТМК директоры Серкебай Ережепов, «Құрмет» орденімен, «Бақдәулет» ШҚ директоры Жарқынбек Бөлендин, «Қостанай-астық» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Владимир Дранчук «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Сүлеймен» өндірістік кооперативі басшысының орынбасары Қайрат Келесіұлы мен «Пламя» шаруа қожалығының жетекшісі Евгений Рыжков «Шапағат» медалімен марапатталды. «Олжа» шаруа қожалығының жетекшісі Болат Бөгетовке Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы табысталды.
Мұнан бөлек партияның 40 мүшесіне ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль берілді.
Қазір оқып жатыр
Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады
«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды
Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды
Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?