USD
USD
USD

Ауыл халқы дәрігерлер мен науқастарға 1 тонна қымыз үлестірді

Шығыс Қазақстан облысында Саржал ауылының тұрғындары коронавирус індетімен ауырған науқастар мен дәрігерлерге 1000 литр қымыз тарту етті. 

Ауыл халқы дәрігерлер мен науқастарға 1 тонна қымыз үлестірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мұндай қайырымдылық шарасына ауылдағы он азамат бірге жұмылып бастама көтерген. Олардың айтуынша, вирустық індет пен күресте ақ халаттыларға да тіпті пациенттерге де күш қуат иммунитет қажет. Ал қазақтың ұлттық сусыны – қымыз нағыз ағзаға керек дәрумен. Мешіт маңына жиналғандар волонтерлердің көмегімен 1 тонна қымызды қаладағы ауруханалар мен правизорлық стационарларға жеткізілді. Атақты Саржалдың қымызынан дәм татқандар игі шараны ұйымдастырғандарға алғысын білдірді.

"Халыққа көмектесейік деп ауылдың атынан жиналып жатырмыз. Қоғамда қазір вирус тарап жатыр. Адамдардың иммунитеті әлсіреп, сол иммунды көтеру үшін науқастарға қымыз қажеттігін барлықтарыңыз білесіздер. Бұл шараға «Өмірге үміт сыйла» деген акциямен бірігіп, біз де көмектесіп жатырмыз", - дейді қайырымдылық шараға қатысушы.

Қазір оқып жатыр

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар