USD
USD
USD

Ауыл балалары газдан уланып қалды

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 15 наурыз күні екі бала газдан уланып қалды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ауыл балалары газдан уланып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Секисовка ауылында тұратын 2006 жылы туған жасөспірім мен 2013 жылы туған оның әпкесі Ана мен бала орталығына түскен.

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен.

Балалармен бірге үйде әжесі қалған. Түскі астан кейін балалар ауырып тұрғандарын айтып, анасына хабарласқан.

Анасы дереу жедел жәрдем шақырып, балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды. Әжесі газдан уланған жоқ.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері пәтердегі жылыту пешінің ас үйде орналасқанын анықтады. Балалар пештің жарамсыздығынан және оның түтінді дұрыс тартпауынан уланып қалды.

Мамандар арнайы құралдың көмегімен үйдегі көміртегі тотығының мөлшерін өлшеді. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін Глубокое ауданының ТЖБ мамандары тек жарамды пеш жабдықтарын пайдаланып, пештің құрылысындағы жарықтарды уақытында жөндеуді, мұржаны уақтылы тазалап тұруды ескертті.

«Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар