Ауыл әкімі карантин кезінде ұлына дүркіретіп той жасады
Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі ұлына мейрамханада үлкен той жасады.
Алматы, NEGE. Алдын ала ақпарат бойынша, үйлену тойы өткен демалыс күндері болған.
Куәгерлер Mой город басылымы редакциясына үйлену тойынан қонақтар түсірген видеоны жолдады. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кейіпкері - Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы. Бұл жайтқа байланысты журналистер Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовпен байланыса алмады.
Ал Ақжайық ауданының әкімі Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімі Тәтжан Өтемісовтың ұлының үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгендерін айтты.
- Бұл бір ыңғайсыз жағдай болды, қазіргі уақытта Тәтжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы, барлық аудан әкімдеріне карантиндік шаралардың сақталуы туралы хабарланған. Барлық шаралардың сақталуын қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмыс істейтін арнайы бақылау топтары бар. Демалыстан шыққаннан кейін бұл жағдай заңды түрде қаралатын болады. Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы 30 қазанға жоспарланғанымен, үміткерлер арасында қазіргі әкім Татжан Өтемісов жоқ, - деді Ердос Үмітов.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды
Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр
Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде
Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған