Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ауыл әкімі «елестен» қорқып құрбан шалған

Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен бірге жолда көрінетін елеске байланысты қойды құрбандыққа шалған. Бұл жайлы отандық БАҚ жазуда. 

Ауыл әкімі «елестен» қорқып құрбан шалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаратөбе ауданындағы Ханкөл аулының тұрғындары елді мекеннің маңында ақ шашты әйел адамның елесі жүргенін айтады. Ол адамдардың есін шығарған. Жергілікті тұрғындар дүлей күштен арылу үшін садақа берген.   

 «Ақ шашты жас әйел жолдың бойында жүреді. Адамдар қатты қорқып қалған, ер адамдар қорыққанынан жылап жібереді», – дейді жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде. 

Тағы бір тұрғынның сөзінше, жүргізушілердің бірінің көлігіне ақ шашты әйел адам отырып алып, көлікті басқаруына кедергі жасаған. 

«Қарсы беттен келе жатқан ауыржүктасығыш көлікпен соқтығыса жаздады. Әйел адам бірден жоғалып кеткен. Жүргізуші ауылға барған, бірақ жергілікті тұрғындар елесті көрмеген. Адамдар Құран оқи бастады», – дейді ол.   

Артынша Желіде Қаратөбе ауданында түсірілген видео пайда болған. Оның монтаждалғаны я шын видео екені әлі белгісіз. Әйтсе де, аталға видео әдейі түсірілген болуы әбден мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz