Ауыл әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады
Ауыл, кент, аудандық маңыздағаы қала мен ауылдық округ әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады. Сайлау туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулер осындай баппен толыққан.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Хабар-24 арнасына берген сұхбатына айтты.
«Бір адам екі реттен артық ауыл әкімі бола алмайтынын маңызды ереже деуге болады. Сонымен бірге, әкім партияға мүшеліктен айырылса, жергілікті мәслихат сенімсіздік танытқан жағдайда немесе Мемлекеттік қызмет туралы заңмен байланысты өзге де проблемаларға тап болса, өз лауазымын тапсыруға мәжбүр болады», - деді Мәлік Мырзалин.
Ол, сондай-ақ, әкім сайлауына жасы 25-тен асқан кез келген Қазақстан азаматы кандидат ретінде қатыса алатынын айтты. Бұл үшін Мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сай болу керек. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сарапшылар нені ерекше атап өтті?
Ташкентте 578 мың долларлық заңсыз криптосауда жасады деген 17 жастағы жасөспірім ұсталды
КҚК терминалында мұнай тиеу тоқтатылып, Қазақстанда өндіріс көлемі уақытша азайды
«ВНЖ-мен мәселесі болған»:Украиналық комик Сабуров туралы пікір білдірді