31 Желтоқсан 13:04

Ауыл - халықтың тал бесігі

Фото:

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Герлинская Федосия сайлаушылармен кездесіп, өзі туралы айтып, жерлестеріне партияның сайллауалды бағдарламасын таныстырды.

Феодосия Валерьевна Хромтау ауданында дүниеге келген, Дон ауылының тумасы. Орта мектепті бітіріп, «салық және салық салу» бойынша Ақтөбе қаласындағы қаржы-экономикалық колледжін бітірді. Экономика университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Қызмет көрсету саласында кәсіпкер. Ауылда тұрып, ауылдың дамуына үлес қосып жүр.

«Мен өз күшімді праймеризде сынап көруді шештім, қазір ауыл тұрғындарының мәселелерін неғұрлым жоғары деңгейде көтеру және сөзбен емес, іспен шешу үшін депутаттыққа үміткер болып отырмын. Мен ауылдың проблемалары туралы жақсы білемін, сондықтан біздің тұрғындар тап болатын қиындықтарға бей-жай қарай алмаймын», - деп атап өтті ол кездесуде.

Үміткердің айтуынша, ауылда бірінші кезекте сумен жабдықтау мен ауыз судың сапасына назар аудару керек. Екіншіден, көшелерді жарықтандыру. Үшіншіден, абаттандыру және көгалдандыру.

«Қоқыс шығару мәселесі тек қалаларда ғана емес, ауылдарда да өзекті. Сондықтан мүдделі ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге тендер жариялау қажет. Ұйымдарға келісімшарт негізінде қоқыс контейнерлерін орнатуға және жеке және тұрмыстық қалдықтарды шығаруға міндеттеу керек. Кәсіпкерлерді ауыл өміріне тарту маңызды», - дейді.

- Мектеп, балабақшалар, саябақтар, аялдамалар сияқты адам көп жиналатын орындарға бейнебақылау орнатып, ауыл тұрғындарын қауіпсіздендіру қажет, - деп жалғастырды Герлинская. 

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға басымдық беру керек делінген. Облыс және аудан орталықтарында спорт секциялары ашылады. Жас буын өкілдері шығармашылық пен қолөнер негіздерін түсінетін балалар үйірмелерінің жұмысын қайта бастау қажет. Балалардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытта болуы керек. Ауыл балалары қалалық құрдастарымен бір деңгейде дамуы керек, бұған Мемлекет басшысы да шақырады. Ол үшін барлық жағдай жасалады: балалар ойын алаңдары, ашық дене шынықтыру жаттығу алаңдары орнатылып, үйірмелер мен секциялар ашылады.

«Ауылды дамытуға барынша үлес қосуымыз керек. Ауылдың дамуы - бұл елдің дамуы», - деді сөз соңында Герлинская. 

Герлинская Феодосия сайлаушылардың сұрақтарына толық әрі нақты жауап берді. 

"Nur Otan" партиясы Хромтау аудандық сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: