USD
USD
USD

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы: Отбасылық шаруашылық қолдауға ие

Әр отбасы кәсіптің кілтін шаруашылықтан тауып жатыр. 

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы: Отбасылық шаруашылық қолдауға ие
Фото: NEGE.kz

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы зор мүмкіндіктерге есік ашты. Мәселен, 2025 жылға қарай «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 70 мың отбасылық шаруашылық құрылатын болады. 

Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай көңіл бөліп отыр. Алдағы уақытта Агроөнеркәсіптік кешен саласында 4,5 трлн теңге сомасына 934 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. 600 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға жіберілсе, 70 мың отбасылық шаруашылық құруға мүмкіндік туады. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттырады. Мысалы, еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады деген болжам бар. 

Егін егіп, мал өсіремін деген шаруаларға қолдау көрсету мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Оның барлығы еңбек етемін деген адам үшін таптырмас мүмкіндік. 

Отбасылық шаруашылықты қолдаудың арқасында, қайта өңделген өнімнің үлесі 70 пайызға дейін артады. Ауыл тұрғындарының табысы да еселенетіні сөзсіз. Ауылдағы жұмыссыздық түбімен жойылмаса да, бес жүз мың жұмыс орны құрылады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының негізгі мақсаты да ауыл халқының әл-ауқатын арттыру болып отыр. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жақсы өмір сүруі үшін қолайлы орта қалыптастыру көзделген. 

Қазіргі уақытта ауылдық аймақтарды дамытуға жаңа серпін ауадай қажет. Сол себепті, алдымыздағы төрт жылда  «Ауыл – ел бесігі» жобасы негізінде 3,5 мың ауылды дамытуға 670 млрд теңге жұмылдыру көзделген. 

Қазір оқып жатыр

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Нұрғали Нұғман

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

кісі өлімі