USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығында өтірік есеп беретіндер жауапкершілікке тартылады – Министр

Ауыл шаруашылығы саласында өтірік есеп беру мәселесі әлі де бар. Ауыл ауданға, аудан облысқа, облыс республикаға өтірік есеп беретін жағдайлар кездеседі.

Ауыл шаруашылығы
Фото: ғаламтордан

Оған тосқауыл бар ма? Өтірік есеп беру үрдісі қашан тоқтайды? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында NEGE тілшісі жолдаған сауалдарға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді. 

Айдарбек Сапаров
Фото: ОКҚ

«Бұл мәселені енді қолға ала бастадық. Биылдан бастап тоқтайды. Осы жылдың аяғына дейін алдымен өсімдік шаруашылығын, сосын мал шаруашылығын орнына келтіріп, есепті түзейміз. Сол кезде өтірік есеп беру көрсеткіші азаяды. Картоптың, бидайдың мысалын атап өттік. Бұл жерде де қосып айтылған көрсеткіштер болған. Соны азайту үшін өтірік есеп беретіндерге  тыйым саламыз. Ол көп жылдан бері жалғасып келе жатқан жұмыс. Оны биылдан бастап тоқтататын болсақ, ары қарай да бақылауда болады. Өтірік есеп беретіндерді жауапкершілікке тартамыз», - деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары