USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығын жемқорлар мен алаяқтар иемденіп келді

Қазақстан алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, саланың еңбек өнімділігін үш есе арттыру керек. 

жемқорлық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына осындай міндет қойды.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі. Енді соны тиімді пайдаланатын кез келді. Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік. Бірақ ауыл шаруашылығына жеткілікті қаржы салынған жоқ. Бұл саланы жемқорлар мен алаяқтар иемденіп келді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қордаланған мәселенің бәрін шешу үшін көп жұмыс жасалып жатқанын атап өтті.

«Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет. Қазақстан 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға тиіс», – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат