USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.

қылмыскерлер
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған.

Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан