USD
USD
USD

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет нарығындағы делдалдарға бақылауды күшейтті

Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп ет бағасын тұрақтандыру және делдалдар тарапынан негізсіз үстемеақы қосуды болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

ет өнімдері
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, елімізде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті. Сауда орындарына жүргізілген үш күндік бірлескен рейдтер барысында фермерлердің көтерме саудада өз өнімдері келісін 3 000-3 500 теңгеден өткізетіні анықталды. Сонымен қатар, делдалдардың қысқа уақыт ішінде ет бағасын едәуір көтеріп жіберетіні де белгілі болды.

«Бір жерден 3 200-ден сатып алып, сауда желілеріне 3 800 теңгеден тапсыратын фактілер кездесті. Бір сағат ішінде бір килограмнан 600 теңге пайда табады. Делдалдармен жұмыс жүргізу керек. Біз сауда министрлігімен бірлесіп бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз»,

— деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат