USD
USD
USD

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XXVI кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Жиында партия Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті.

Ауыл партиясы
Фото: Ауыл партиясының XXVI съезі

Астана, NEGE. Партия делегаттарының шешімімен партия атынан Құрылтай депутаттығына барлығы 69 кандидат ұсынылды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы саласының мамандары, кәсіпкерлер, ғалымдар, педагогтер, дәрігерлер, жастар мен өңірлердің белсенді өкілдері бар.

Ұсынылған кандидаттар тізімінде партияның экс-төрағасы Серік Егізбаев, 2019 жылғы президент сайлауына кандидат болған Қарақат Әбден мен Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жигули Дайрабаев бар.

Съезд барысында делегаттар кандидаттар тізімін қолдап, партияның алдағы сайлауалды жұмыстары мен Құрылтайдағы басым бағыттарын талқылады. Партия өкілдерінің айтуынша, ұсынылған үміткерлер қоғамның түрлі саласының мүддесін білдіреді және өңірлердің, әсіресе ауыл тұрғындарының мәселелерін көтеруге басымдық береді.

Еске салайық, биылғы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды ұсыну науқаны аясында еліміздегі саяси партиялар кезектен тыс съездерін өткізіп, депутаттыққа үміткерлердің тізімін бекітіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев