USD
USD
USD

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани не үшін елден қашқанын түсіндірді

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани тәліптер намысына тиіп, жаңа үкіметті заңдастыратын құжатқа қол қоюға мәжбүрлемеу үшін Ауғанстаннан қашып кеткенін айтты.

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани не үшін елден қашқанын түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылы 15 тамызда тәліптер Кабулға кіріп, ақыры Ауғанстанды бақылауына алды. Сол кезде елден қашып кеткен Ғани сынға ұшырады.

"Кету себебім, тәліптер мен олардың жақтастарына Ауғанстан президентінің тағы да намысына тиіп, оны үкіметтің легитимділігі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеу рахатын сыйлағым келмеді. Мен ешқашан қорықпадым", – деді Ғани CNN арнасына берген сұхбатында.

Ауғанстанның экс-президентінің айтуынша, бастапқыда елден кету ойында болмаған. Сондай-ақ елден кеткенде қолында паспорты болмағанын айтты. «Қомақты ақшамен қашып кетті» деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Еске салсақ, «Талибан» – лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкция салған ұйым.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко