USD
USD
USD

Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелту жұмыстары аяқталды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1659 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.

Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелту жұмыстары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына ҚР Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.

27 теміржол вагонында тиелген гуманитарлық жүк (ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім) Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді.

Тиеу жұмыстарын ҚР ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері істеді. 

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала