Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ауғанстандағы 153 БАҚ жұмысын тоқтатты

Ауғанстанда Талибан билік жүргізгелі ақпарат құралдары да жабылып жатыр.

Ауғанстандағы 153 БАҚ жұмысын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұқаралық ақпарат құралдары «Талибан» тарапынан қаржылық қиындықтар мен қысым көрсетіліп жатқаны туралы мәлімдеді. Қазақстанда тыйым салынған «Талибан» террористік қозғалысы Ауғанстандағы билікті басып алғалы елдегі 153 БАҚ өз жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы Tolo News БАҚ бостандығын қорғайтын ұйымдарға сілтеме жасап хабарлайды. Түрлі телеарналар, радиостанциялар мен баспа басылымдары жұмысының тоқтауына қаржылық проблемалар мен жаңа билік енгізген шектеулер себеп болды. Ауғанстанның Ұлттық журналистер одағының өкілі Масрур Лутфидің айтуынша, егер халықаралық ұйымдар бұл мәселені шешу үшін шара қолданбаса, «Ауғанстандағы БАҚ бостандығы аяқталатын» күн алыс емес. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Талибан» әйелдердің спортпен шұғылдануға тыйым салған болатын.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш