USD
USD
USD

Ауғанстанда жарылыс болды

Алматы, NEGE. 

Ауғанстанда жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Жарылыс жексенбіде Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы Желалабад қаласында болды, екі бейбіт тұрғын қайтыс болды.
 

Жарылыс 19 қыркүйекте таңертең автовокзал маңында болды. Салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапты, бір тәліп (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынады) жараланды.

Бұған дейін Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Джелалабадта жарылыс салдарынан кемінде үш адам қайтыс болғаны, тағы 19 адам жарақат алғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, тамыздың басында Ауғанстандағы жағдай күрт өзгерді, "Талибан" Ауғанстан үкіметінің күштеріне қарсы шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулға кірді, келесі күні соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабулдан кетті. 

6 қыркүйекте тәліптер ұзақ бағындыра алмаған Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панжшерді бақылауына алғанын мәлімдеді. 

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі