Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты

Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларының маңына әскерін шоғырландыра бастады.

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың ушығуы себеп. Мәселеге президент Эмомали Рахмоновтың «Талибан» билігін сынға алып, оны танудан бас тартуға шақыруы түрткі болған. Тәжікстан басшысы тәліптер Ауғанстанда этникалық тәжіктер тұратын Панджшер провинциясындағы наразылық шеруін күштеп басты деп айыптап отыр. Тәліптер болса Душанбе елдің ішкі істеріне аралысып жатыр дегенді айтады. Ресей екі ел арасындағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, қос тарапты мәселені бейбіт шешуге шақырды. Айта кетейік, Ауғанстан халқының төрттен бір бөлігі – этникалық тәжіктер. Ал Талибан қозғалысының басым бөлігі осы елдегі ең ірі этникалық топ – пуштундардан құралған.

Қазір оқып жатыр

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық